Хайме Мунгуйя GGG не «Канеломен» жұдырықтасқысы келеді
Мексикалық боксшы Хайме Мунгуйя (36-0, 29КО) жыл соңына дейін титулдық жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Калифорнияда өткен бокс кешінде Хайме Мунгуйя багамалық Туреано Джонсонды (21-3-1, 15КО) техникалық нокаутпен жеңді.
«Жыл соңында не қаңтарда жекпе-жек өткізіп, артынша чемпиондық титул үшін жұдырықтасқым келеді. Кім қарсыласым болады, бәрібір. Промоутерім Фернандо Бельтран маған кімді дайындайтынын көреміз. Кез келген жекпе-жекке дайынмын», – деді Мунгуйя.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или