Атыраудағы турнир алдында боксшылар жанжал шығарды
30 қазанда Атырауда Suleimen Promotions бокс кешіне қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Данила Семенов - 31 қазанда Атырауда өтетін алдағы турнирге қатысушылардың бірі. Қазақстандық боксшы дебютін про-рингте өткізеді. Оның қарсыласы Танзаниядан келген тәжірибелі Мусса Аджибу (28-10, 24 КО) болады. Алты раундтық жекпе-жек жеңіл салмақта (79,85 кг) өтеді. Салмақ өлшеу кезінде боксшылар жанжал ұйымдастырып, арты төбелеске ұласа жаздады.
Бокс кешінің тікелей эфирін «Хабар» телеарнасында «Нұр-Сұлтан» уақытымен 22:00-де көруге болады. Атыраудағы Suleimen Promotions бокс кешінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или