Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты қайда өтеді

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты қайда өтеді

Қазақстанның коньки тебушілер федерациясы мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жарысудан Қазақстан чемпионаты өтуі мүмкін мерзімдерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған. Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі 2020 жылдың 16-20 желтоқсаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарлануда. Жарыс ережесіне сәйкес, турнирге көрермендер қатыспайды. Қазақстан Республикасы Бас санитар дәрігері бекіткен қаулы бойынша, барлық санитарлық талаптар сақталады. Сондай-ақ, конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс 16-17 қарашаға, классикалық көпсайыс 23-24 қарашаға, жекелеген дистанциялар 14-17 желтоқсанға жоспарлануда. Әзірге, турнирдің нақты өту-өтпеуі белгісіз. Елдегі ахуалға байланысты өзгерістер болуы мүмкін. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0