«Айша Бибі» «КИНЕФ-2» командасын ұтты

Тараздық «Айша Бибі» әйелдер арасындағы су добынан Ресей чемпионатының 4-ші турындағы соңғы матчта киришилік «КИНЕФ-2» командасын жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Тараздық тәжірибелі ватерполшылар ойын басымдығын бірден өз қолдарына алып, 17:8 (5:2, 6:2, 2:2, 4:2) есебімен жеңіске жетті. «Айша Бибі» сапында Замира Мырзабекова, Оксана Сайчук және Дарья Рога үш голдан салса, Айжан Ақылбаева, Кәмила Закирова мен Анастасия Миршина екі реттен көзге түсті. Анна Турова мен Әсем Мұсарова да бір голдан қанжығаларын майлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или