Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионымен спарринг өткізді

Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионымен спарринг өткізді

Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) рингке оралуға дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті жаттығу кезінде ол Олимпиада чемпионы, үш салмақ дәрежесінде экс-әлем чемпионы, кубалық Юриоркис Гамбоамен спарринг өткізді.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.  

Айта кетейік, Мұса Тұрсынғалиев 2019 жылдың 12 шілдесінен бері рингке шыққан жоқ. Былтыр Голливудта (Флорида, АҚШ) өткен кездесуінде алтыншы раундта панамалық Рикардо Нуньесті (29-12, 23 КО) жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или