Asianboxing: Құлахмет пен Нұрмағанбеттің болашағы жарқын

Asianboxing: Құлахмет пен Нұрмағанбеттің болашағы жарқын

Asianboxing.info басылымы болашағынан үміт күтетін азиялық боксшыларымыз тізімін түзді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жарқын болашағы бар боксшылардың ішіне екі қазақстандық спортшы енген. Олар жақында ғана кәсіпқой бокстағы мансабын бастаған Тұрсынбай Құлахмет пен Бек Нұрмағанбет.

Екеуі де осы жазда кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Тұрсынбай Құлахмет 23 тамыз күні тәжірибелі қазақстандық боксшы Сағадат Рақманқұлды (6-2, 4 КО) жеңсе, Бек Нұрмағанбет 26 шілдеде венгриялық Тамаш Ласкуды (19-23-1, 10 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или