Попко Нұр-Сұлтандағы АТР турниріне іріктеудің бірінші айналымында жеңіліс тапты

Попко Нұр-Сұлтандағы АТР турниріне іріктеудің бірінші айналымында жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Нұр-Сұлтандағы ATP турниріне іріктеудің бірінші кезеңінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Молдова өкілі Раду Альботтан 6:4, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч екі сағат 50 минутқа созылды. Попко үш рет қосарланған қате жіберіп, 110 ұпай жинады.

Оның қарсыласы жеті рет қосарланған қате жіберіп, 113 ұпайға ие болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан астанасындағы турнир 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Фото: Турнирдің баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или