Кирилл Герасименко германиялық «Werder» сапында өнер көрсетуде

Кирилл Герасименко германиялық «Werder» сапында өнер көрсетуде

ВКирилл Герасименко үстел теннисінен германиялық «Werder» сапында Германия біріншілігіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бременнің «Werder» құрамында Кирилл Герасименко (Қазақстан), Маттиас Фальк (Швеция), Хунор Сеч (Румыния) және Марсело Агирре (Италия) Бундеслигадағы көрсеткіштерін жақсартып келе жатыр. Кеше бремендік команда «Zugbrücke» клубымен кездесті. Аталған клуб сапында Кирилл Герасименко 2017/2018 және 2018/2019 маусымдарда өнер көрсеткен болатын. «Werder» 3:1 есебімен қарсыластарын жеңіп шықты.

Ал біздің отандасымыз ойын барысында жастар арасындағы Еуропа чемпионы Иоаннис Сгуропулосты (Греция) 3:0 есебімен ұтты. Марсело Агирре («Werder»)-Кристиан Плетя («Zugbrücke») 1:3; Маттиас Фальк («Werder»)-Александар Каракашевич («Zugbrücke») 3:1; Кирилл Герасименко («Werder»)-Иоаннис Сгуропулос («Zugbrücke») 3:0; Маттиас Фальк («Werder») - Кристиан Плетя («Zugbrücke») 3:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или