Бек Нұрмағанбет танзаниялық боксшымен жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (1-0, 1 КО) кезекті қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz сайты.
31 қазан күні Атырауда өтетін кеште әуесқойлар арасындағы Азия-2019 чемпионы, кәсіпқой рингте бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын Бек Нұрмағанбет жекпе-жек өткізеді. Ол екінші орта санаттағы WBO Asia Pacific титулын иеленген, 27 жастағы танзаниялық Абдаллах Паззимен (27-7-1, 24 КО) кездеседі.
Кештің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы WBO Global, WBC Asia, WBA International белбеулерін сарапқа салады деп күтілуде.
Сондай-ақ, ұлттық құраманың мүшелері Бекзат Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов андеркартта жұдырықтасады. Одан бөлек кеште Евгений Павлов пен Данила Семенов шығады.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жолын 26 шілдеде Минскіде (Беларусь) бастап, қарсыласы Тамаш Ласканы (19-21-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңді.