Кикбоксингтен KOK Qazaqstan Гран-приінің карды жарияланды

Кикбоксингтен KOK Qazaqstan Гран-приінің карды жарияланды

Bushido Qazastan баспасөз қызметі алдағы KOK Qazaqstan кикбоксингтен Гран-придің кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы Гран-при 25 қазанда Алматыдағы Bushido Qazastan турнирі аясында өтеді. К-1 Гран-приіне 8 жауынгер қатысады. Қазақстандық Нұртаза Жұмаханов (7-1) қырғызстандық Аброр Хакимовпен (6-0) кездеседі. Жұмаханов - муай-тайдан спорт шебері, сондай-ақ муай-тайдан Азия чемпионы. Хакимовке келер болсақ, Қырғызстанның жауынгері - кикбоксингтен Вако-2017 Әлем кубогының жеңімпазы, 2019 жылғы кикбоксингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Гран-придің екінші жұбында қазақстандық Асқар Ахмет (1-0) өте тәжірибелі және қауіпті өзбекстандық Бобиржан Тагаевқа (53-6-10) қарсы шығады. Кештің үшінші жұбында Айдос Айнабаев (9-1) өзбекстандық Санжар Саидмуродовпен (10-3) кездеседі. Гран-придің төртінші жұбында алматылық екі сарбаз кездеседі - Жәнібек Қанатбаев (3-0) Иван Добрынинмен төбелеседі.

25 қазандағы Гран-при турнирінен басқа 75 келіге дейінгі салмақта бір супер жекпе-жек өтеді. Вадим Лопарев (3-0) өзбекстандық Джамшид Тагаевпен (10-2) жұдырықтасады.

25 қазанда өтетін кештің басты оқиғасы Bushido Qazaqstan Bantamweight Гран-приі болады (61,2 кг), бас жүлдеге автокөлік тігіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или