Ресми: Теренс Кроуфорд пен Келл Брук жұдырықтасады
Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы Теренс Кроуфорд 14 қарашада Лас-Вегаста экс-әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукқа қарсы титулын қорғайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Боксшылардың өкілдері бұл жекпе-жекті өткізу үшін ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізген, ал айдың басында олардың түпкілікті келісімге келгені туралы хабарланды, ал ұйымдастырушыларға жекпе-жек өтетін жер туралы шешім қабылдауға ғана қалған. Лас-Вегастан басқа, Кроуфордтың туған қаласы Омаха да аталған.

Бұған дейін Бруктың ұзақ жылдар бойғы жаттықтырушысы, 2014 жылы британиялықты әлем чемпионы атағына дейін жеткізген Доминик Ингл оны Кроуфордпен жекпе-жекке дайындай алмайтыны туралы хабарланған болатын, өйткені Брук бұл жекпе-жекке АҚШ-та дайындалады, ал Ингл Шеффилдтегі спорт залынан кеткісі келмеген.