WTA рейтингісі: Путинцева мен Рыбакина өз орнында қалды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Алдыңғы нұсқаға қарағанда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Қазақстан құрамасының көшбасшылары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева рейтингінің үздік-30 тізімінде өз позицияларын сақтап қалды. Зарина Дияс 79-сатыда тұр.
Қазақстандық әйелдер теннисінің екінші эшелонының екі өкілі - Гозаль Айнитдинова мен Екатерина Дмитриченко өз позицияларын біраз жақсартты.
WTA рейтингісі. 19 қазандағы жағдай
1 (0). Эшли Барти (Аустралия) – 8717
2 (0). Симона Халеп (Румыния) – 7255
3 (0). Наоми Осака (Жапония) – 5780
4 (0). София Кенин (АҚШ) – 5760
5 (0). Элина Свитолина (Украина) – 5260
19 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 2696
27 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 2015
79 (0). Зарина Дияс (Қазақстан) – 928
279 (0). Анна Данилина (Қазақстан) – 224
456. (+3). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 93
658 (0). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 46
876 (+30). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) – 21
1088. (0). Дарья Детковская (Қазақстан) – 10
1312 (-2). Галина Воскобоева (Қазақстан) – 3