Қазақстандық боксшылардың жеңісті сериясы. Инфографика

Қазақстандық боксшылардың жеңісті сериясы. Инфографика

UNDERDOG спорт агенттігі қазақстандық боксшылардың жеңісті сериясына арналған арнайы инфографика жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Сонымен, жеңілмеген боксшылар тізімінде Қанат Ислам көш бастады. 36 жастағы QazaQ қатарынан 27 жеңіске қол жеткізді. Боксшы кәсіпқой мансабын 2012 жылдың қыркүйегінде бастаған. Содан бері қатарынан 27 жеңіске жетті, оның 21-ін нокаутпен жеңді.

Екінші орында 29 жастағы Жанқош Тұраров тұр. Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін боксшы қатарынан 24 кездесуде жеңіске жетті (17 нокаут). Бұл рейтингтегі үшінші орынды 29 жастағы Батыр Жүкембаев иеленді. Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы 18 рет жеңіске жетті (14 нокаут).

Специальная инфографика UNDERDOG

Ал қатарынан 16 кездесуде (12 нокаут) жеңіске жеткен 25 жастағы Әли Ахмедов төртінші орында тұр. 32 жастағы Мадияр Әшкеев бесінші орынға жайғасты (14 жеңіс, 7 нокаут). Екінші орта салмақта WBC Asian және WBA International белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы алтыншы орында тұр. Ол қатарынан 14 жеңіске жетсен, оның 9-ы мерзімінен ерте аяқталған.

Жетінші орында 27 жастағы Мейірім Нұрсұлтанов жайғасты. Ол қатарынан 13 жеңіске қол жеткізді. Сегізінші орында тұрған 22 жастағы Садриддин Ахмедов қатарынан 11 кездесуде жеңіске жетті (10 нокаут).

Тізімдегі тоғызыншы орын Нұрзат Сабировқа бұйырды. 26 жастағы екінші орта салмақтағы боксшының еншісінде 11 жеңіс бар. Оныншы орында тұрған 27 жастағы Али Балоев қатарынан 10 жеңіске қол жеткізген (7 нокаут).

Специальная инфографика UNDERDOG

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или