Джошуа мен Пулев жекпе-жегі ресми түрде жарияланды
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі WBA супер ауыр салмақтағы чемпионы, WBO, IBF, IBO британдық Энтони Джошуа мен болгар Кубрат Пулев арасындағы жекпе-жектің күні мен орнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джошуа - Пулев жекпе-жегі Лондондағы O2 аренасында осы жылдың 12 желтоқсанында өтеді. IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер Кубрат Пулев чемпиондық белбеуді екінші рет жеңіп алуға тырысады. Fлғашқы титулдық жекпе-жегінде 2014 жылы 15 қарашада бесінші раундта украиналық Владимир Кличкодан нокаутпен жеңілген болатын.
Джошуаға келер болсақ, Пулевпен болған жекпе-жектегі жеңісі оған WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық Тайсон Фьюримен айқасқа жол ашады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или