Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде үздік үштік қатарына кірді
Екі қазақстандық боксшы - Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) және Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақтағы рейтингтің үздік бестігі қатарында, деп хабарлайды Prosports.kz.
9 қазанда Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Кориамен болған жекпе-жекте екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін, WBO Global белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы WBO орта салмақтағы 3-ші қатарына көтерілді.
Жәнібектен кейін Қазақстанның тағы бір өкілі, WBO International белбеуінің иегері Қанат Ислам 4-орында.
Бірінші және екінші орындарды WBO орта салмақтағы құрлықаралық чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) мен британдық Лиам Уильямс (23-2-1, 18 КО) иеленіп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или