Ресейлік сарапшы Жәнібек Әлімханұлын Мейвезермен теңестірді

Ресейлік сарапшы Жәнібек Әлімханұлын Мейвезермен теңестірді

Ресейлік «Бокс зертханасы» Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) туралы айтып, тіпті оны америкалық кіші Флойд Мейвезермен (50-0, 27 КО) салыстырды.

«Әлімханұлы қашықтықты керемет сезінеді. Шеберлігі шыңдалған. Шабуылдай жүріп, қорғанысты да бір сәтке ұмыт қалдырмайды. Рингте қозғалуы да ерекше. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы деген атағы бар. Дер кезінде қарсыласқа атылады. Маңыздысы, ол қазірдің өзінде кәсіби шеберлікке ие. Шаршы алаңда текке жүріп әуре болмайды, әрбір қимылы бүге-шүгесіне дейін ойластырылған. Тынығу керек болса, Мейвезер секілді бір орында тұрып қорғанады, қарқынды баяулатады. Бұл өте керемет», - дейді арна авторы.

Еске салайық, 10 қазан күні Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте аргентиналық Гонсало Корианы жеңген еді. 

«Қайдасыңдар?». Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарды рингке шақырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или