Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің ширек финалына шықты

Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Дмитрий Попко Лиссабон (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Әлемнің 178-ракеткасы Д.Попко екінші айналымда рейтингте 285-орында тұрған португалиялық Гонсалу Оливейрамен күш сынасты.

Бірінші партияда ойын тізгінін бірден қолына алған қазақстандық теннисші сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:2. Екінші сет те дәл осындай есеппен аяқталды. Бәсеке 1 сағат 26 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или