Ресейлік маман «Астанамен» келіссөз жүргізіп жатыр

Ресейлік маман «Астанамен» келіссөз жүргізіп жатыр

Ресейлік маман Андрей Тихонов «Астана» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалуға жақын, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Чемпионат басылымы хабарлады.

Ресей құрамасы мен «Спартак» футбол клубының бұрынғы ойыншысы бапкерлік қызметті 2008 жылы бастаған. Ол жаттықтырған алғашқы клуб - «Крылья Советов». Ол сонымен бірге «Спартак», «Краснодар» және «Енисей» командаларын баптаған.

2017 жылы ол «Крылья Советов» клубына қайта оралып, команданы Ресей премьер-лигасына алып шықты.

Тихонов 2009 жылы «Астана» сапында (ол кезде «Локомотив» атанған) өнер көрсеткенін айта кеткен жөн.

Осы ақпарат туралы Sputnik Kazakhstan тілшісі ресейлік маманмен байланысқа шықты.

- «Астанамен» келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтанға ұшып барамын. Сөйлесейік, көреміз, - деді Тихонов.

Айта кетейік, «Астана» жақында ғана клубтың атқарушы директоры және бас бапкердің міндетін атқарушы болған 51 жастағы Пол Эшуортпен ынтымақтастықты тоқтатқан.

«Астананы» ресейлік маман жаттықтыруы мүмкін

Пол Эшуорт «Астанадан» кетті

«Астанаға» Украина құрамасының жартылай қорғаушысы ауысуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или