русский язык

«Астананы» ресейлік маман жаттықтыруы мүмкін

«Астананы» ресейлік маман жаттықтыруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік маман Виктор Булатов «Астана» футбол клубын жаттықтыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

48 жастағы Виктор Булатов - Ресейдің үш дүркін чемпионы, мәскеулік «Спартактің» аңыз ойыншысы. 2007 жылы ол «Астана» сапында өнер көрсеткен.

2009 жылдың шілдесінің ортасында Булатов бапкерлік қызметке ауысты. 2020 жылдың ақпанында Смоленскінің «Красный-СГАФКСТ» клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Булатов - Ресейдің барлық кәсіби лигаларында және ел кубогында алтын медаль иегері бола білген алғашқы футболшы. Сонымен қатар ол Ресейде үлкен футболдан мини футболға ауысқан, кейін қайтадан оралған жалғыз ойыншы.

Елордалық клубтың бас бапкері қызметіне Литваның «Судува» командасымен үлкен жетістікке жеткен Владимир Чебурин және украин маманы Вячеслав Грозный да үміткер.

Айта кетейік, «Астана» жақында ғана клубтың атқарушы директоры және бас бапкердің міндетін атқарушы болған 51 жастағы Пол Эшуортпен ынтымақтастықты тоқтатқан.

Пол Эшуорт «Астанадан» кетті

«Астанаға» Украина құрамасының жартылай қорғаушысы ауысуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;