Жан Кособуцкидің кезекті жекпе-жегі өткізілмейді
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) 17 қазанда Германияда Дюссельдорфта өтетін жекпе-жегінің кейінге шегерілгені туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Достар, бокс кеші техникалық себептерге байланысты кейінге қалды. Баршаңызға жақсылық тілеймін!», - деп жазды боксшы өзінің Instagram парақшасына.
Кособуцкийдің қарсыласы америкалық Стив Вукос (12-1, 4 КО) болуы керек еді. Бәске қазақстандыққа тиесілі IBO Inter-Continental чемпионы атағы, сондай-ақ бос тұрған WBA International белбеуі тігілген.
Еске сала кетелік, Жан Кособуцкий алдыңғы жекпе-жегін тамыз айында өткізген. Ол Камил Соколовскийді (10-19-2, 4 КО) 10-раундта нокаутқа жіберген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или