Тұрсынбай Құлахмет титулдық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Тұрсынбай Құлахмет титулдық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1КО) алдағы титулдық жекпе-жегіне дайындығын көрсетті.

Боксшы Instagram-парақшасында жаттығуынан видео жариялап, былай деп жазды: 

– Өздеріңіз білгендей қуанышты жаңалық келді. Ұлыбританияда 11 қарашада өтетін жекпе-жекте шаршы алаңда 14 кездесу өткізіп, барлығын жеңген жергілікті боксшы Маклей Макгоуэнмен шеберлік байқасамыз. Бұл жекпе-жекте WBC International чемпиондық белбеуі сарапқа салынғалы отыр. Осындай жоғары деңгейлі кездесуді ұйымдастырғалы отырған МТК GLOBAL және MTK KAZAKHSTAN менеджерлік компанияларға алғысым шексіз. Иншаллах бәрі жақсы болады! Еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын орындату үшін аянып қалмасым анық. Өздеріңізді жеңіспен қуантатын боламын. Сондықтан сәттілік тілеп қойыңыздар!.

Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақтағы WBC International бос белбеуі үшін жеңіліп көрмеген британиялық Маколей Макгоуэмен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или