Тұрсынбай Құлахмет келесі қарсыласының есімін білді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (1-0, 1 КО) қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
MTK Global менеджерлік компаниясының мәліметінше, Құлахмет орта салмақтағы WBC International бос чемпиондық атағы үшін жеңілмеген британ боксшы Маколей Макгоуанға (14-0-1, 3 КО) қарсы жұдырықтасады.
Жекпе-жек 11 қарашада Англияның Вейкфилд қаласындағы Production Park Studios кешенінде MTK Fight Night бокс кеші аясында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Тұрсынбай Құлахмет проф-рингтегі алғашқы жекпе-жегін 23 тамызда Алматыда өткізіп, жерлесі Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4 КО) жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или