Кукушкин Санкт-Петербургте ұтылып қалды

Кукушкин Санкт-Петербургте ұтылып қалды

Қазақстандық Михаил Кукушкин Санкт-Петербург ATP 500 турнирінде ұтылып қалды.

Дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған М.Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 41-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен бастағанымен, ойын тізгінін қарсыласына беріп қойды - 1:4. Осы басымдылықтан сербиялық спортшы айырылған жоқ - 6:3.

Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Кецманович брейк жасап кетті. Содан кейін үш матчболын пайдалана алған жоқ. Дегенмен ол тай-брейкте дегеніне жетті 7:6 (9:7).

Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или