WBC рейтингіндегі боксшыларымыздың жағдайы қалай?
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты.
WBC Continental белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта 9-шы сатыда қалды. Ал Мейірім Нұрсұлтанов 22-ші орынға төмендеді.
Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов 26-шы, ал Мадияр Әшкеев 38-ші орында тұр. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Данияр Елеусінов 30-шы сатыға жайғасқан.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта үздік ондыққа кірді. Жеңіл салмақта Виктор Коточигов 15-ші сатыға төмендеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или