Асхат Жантұрсыновтың келесі қарсыласы анықталды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Жантұрсыновтың (4-0, 3КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды.
Асхат Жантұрсынов 9 қазан күні Алматыда өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізуі қажет еді. Алайда қарсыласының Қазақстанға келе алмауына байланысты кездесу өтпей қалды.
BoxRec.com ақпаратына сәйкес қазақстандық боксшы 15 қазанда Минсктегі KOld Wars сериясының турнирінде бақ сынайды. Оның қарсыласы Руслан Родзивич (15-29, 14КО) болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или