Асхат Жантұрсыновтың келесі қарсыласы анықталды

Асхат Жантұрсыновтың келесі қарсыласы анықталды

Кәсіпқой бокста бірде бір мәрте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсыновтың (4-0, 3КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан кәсіпқой боксы федерациясының мәліметінше, 9 қазан күні қазақстандық боксшы Алматыда әзербайжандық Казим Умудовпен шығуы керек болған. Алайда оның қарсыласы Қазақстанға келе алмаған.

BoxRec.com ақпаратына сәйкес Жантұрсынов ендігі кезекте 15 қазанда Минсктегі KOld Wars сериясының турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Руслан Родзивич (15-29, 14КО) болмақ. Алғашқы ауыр салмақтағы кездесу төрт раундқа есептелген.

Сонымен бірге Минсктегі дәл сол бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы, алғашқы жеңіл салмақтағы Жандос Қыдырәлиев (1-0, 1КО) шаршы алаңға шығады. Ол беларусь боксшысы Арсений Кобзевпен жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетсек Асхат Жантұрсынов кәсіби мансабындағы бірінші жекпе-жегін осыдан екі жыл бұрын АҚШ-та өткізген болатын. Остиндегі алғашқы жекпе-жегінде (АҚШ, Техас штаты) отандасымыз америкалық Майкл Коронадомен (1-1-1, 0 КО) жұдырықтасып, оны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или