«Ролан Гаррос»: Бабош пен Младенович жұптық сында жеңіске жетті
Венгриялық Тимея Бабош пен француз Кристина Младенович Франция ашық чемпионатының жұптық сынында топ жарды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Бабош пен Младенович жұбы финалда чилилік Алекс Гуарачи мен америкалық Десира Кравчикті жеңді.
1 сағат 33 минутқа созылған кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Бабош пен Младенович былтыр да «Ролан Гарростың» жұптық сынында жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или