Әбілхан Аманқұл: Жылына 15 кездесу өткізетін жарыстың жоқтығы қиын соғып тұр
Бокстан Қазақстан командасы Алматыдағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Команда мүшесі Әбілхан Аманқұл жиыннан алған әсерімен бөлісті.
"Біраздан бері командамен бірге жаттықпаған соң, бұл жиын мен үшін өте сәтті өтті. Әрине, үйде жүргенде де бабымды жоғалтпадым. Бірақ жиынның орны бөлек.
Бапкерлер алдымен жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлсе, кейін жекпе-жек өткізіп, спаррингтік кездесулер ұйымдастырды. Мұның бізге пайдасы мол.
Алайда, халықаралық және елішілік жарыстардың жоқтығы бәрібір әсерін тигізеді. Мәселен, біз бір жылдан кем дегенде 15 жекпе-жек өткіземіз. Сондықтан, мұндай үзіліс бізге оңай емес. Қазір әлемдегі бар спортшының жағдайы осындай болған соң, мойынсұнуға тура келеді", - дейді Әбілхан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или