Виктор Коточигов WBC титулынан айырылды

Виктор Коточигов WBC титулынан айырылды

Дубайда өткен бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Виктор Коточигов мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

IV Rotunda Rumble турнирінің басты жекпе-жегінде Виктор Коточигов британиялық Макси Хьюзпен (21-5-2, 4 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек жоспарланған 10 раунд өтті. Алайда үшінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға түсіп, одан кейін жекпе-жекте қарсыласынан басым бола алмады. Төрешілер жеңісті Макси Хьюзға берді.

Осылайша Виктор Коточигов мансабында алғаш рет жеңіліп, өткен жылы иемденген жеңіл салмақтағы WBC International белбеуінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или