Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің өнер көрсететін спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп жазады Prosports.kz.
Аталған кеш аясында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін өткізеді.
27 жастағы қазақстандық боксшы таразыда 159,6 фунт (72,39 келі) көрсетті. Оның қарсыласы, аргентиналық Гонсало Корианың (16-3, 6 КО) салмағы 158,6 фунт (71,94 келі) болды. Айта кетерлігі, Жәнібек өнер көрсететін орта салмақтың шегі - 160 фунт (72,5748 келі). Кештің негізгі жекпе-жегі саналатын Әлімханұлы мен Корияның жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған.
Әлімханұлы мен Корианың қатысуымен Лас-Вегаста өтетін шоу Қазақстан уақытымен 10 қазан таңертең басталады. Қазақстандық бокс әуесқойлары Жәнібектің жекпе-жегін «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-де басталады.
Назарларыңызға Лас-Вегастағы бокс кешіне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімінің бейнежазба ұсынамыз.