Қазақстандық ойыншының командасы Испаниядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық ойыншының командасы Испаниядағы турнирде топ жарды

Жуырда Арагон автономды қоғамдастығының турнирі аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Оған аталған аймақтың 19 жасқа дейінгі (U-19) ең үздік 4 клубы қатысты. Олар - «Эбро», «Касабланка», турнирдің былтығы чемпионы «Реал Сарагоса» және құрамында қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов өнер көрсететін «Оливар» командасы.

«Оливар» бірінші кездесуде «Эброны» 2:0 есебімен жеңіп, жарыстың финалына өтті. Анкудиновтің командасы шешуші ойында турнирдің басты фавориті «Сарагосаны» 1:0 есебімен жеңіп, кубоктың иегері атанды.

Данил аталған екі кездесуге де қатысты. Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы жарыстан кейін Prosports.kz сайтына турнирдегі ойынына қатысты пікір білдірді:

- Бірінші матчта екінші таймда алаңға шықтым. Нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқпын, бірақ қауіпті сәттер жасадым. Жақсы ойнадым деп ойлаймын. Ал финалда алаңға ойын аяқталуға 15 минут қалғанда ғана шықтым. Өйткені сол аяғымда сәл жарақат болды. Сондықтан матчты толық өткізе алмадым. Бірақ біз жеңіске жеттік, Арагон аймағының чемпионы болдық.

1 қарашада Испанияның U-19 чемпионаты басталады. Біз алғашқы ойында «Сарагосаны» қабылдаймыз. Олар екі жыл бұрын «Барселона», «Атлетико» және «Реалды» басып озып, ел чемпионы атанған болатын, - деді Анкудинов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или