Үстел теннисінен Қазақстан командасы жаттығу жиындарын аяқтады
Үстел теннисінен Қазақстан командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Жиынға жалпы есебі 30 спортшы қатысқан.
Карантиннен кейінгі жаттығуға ұлттық құрама үздіктерінен Кирилл Герасименко мен Айдос Кенжеғұлов қана сырт қалды.
«Ақбұлақтағы жаттығу жиында техникалық-тактикалық және арнайы физикалық дайындықты жетілдірдік. Жиынға келгенде спортшылардың дайындық деңгейі әртүрлі болған. 24 күнге созылған жаттығудан кейін барлығының шеберлігі артып, физикалық әлеуеті қалпына келді.
Оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде өткізуге көмектескен Ұлттық Олимпиадалық комитет пен үстел теннисі федерациясына алғысымды айтамын. Енді жарыс басталатын күнді асыға күтеміз», - дейді бас бапкер Эльмира Алиева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или