Дәулет Дәукенов әлемдік рейтингте 167 сатыға көтерілді

Дәулет Дәукенов әлемдік рейтингте 167 сатыға көтерілді

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (8-1, 3 КО) Минскіде өткен жекпе-жегінде жеңіске жеткен соң BoxRec рейтингінде жоғарылады.

27 жастағы жерлесіміз Беларусь елінде 19 жастағы украиналық боксшы Назри Рагимовпен (6-2, 3 КО) жұдырықтасты. Бірінші жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек толық 10 раундқа жалғасып, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді әрі WBA Asia белбеуін иеленді. Ал қарсыласы екінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр.

BoxRec жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшы 569-шы орыннан 402-ші сатыға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или