Фируза Шарипованың Қазақстандағы жекпе-жегі өтпейді
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың (11-1, 6 КО) Қазақстандағы жекпе-жегі өтпейтін болды.
«Достар, жекпе-жегімді Қазақстанда өткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Өкінішке қарай, кездесуім өтпейді», - деп жазды спортшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетелік, 22 тамызда Қазан қаласында Шарипова қарсыласы Танзаниядан Хэппи Даудимен (8-7-1, 4 КО) жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бәске IBA нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионының белбеуі тігілді. Бұл қазақстандықтың 2019 жылдың сәуірінен есептегендегі бірінші жекпе-жегі еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или