Астана - спорт аренасы

Астана бүгінде республикалық қана емес, әлемдік дәрежедегі спорт жарыс­тарын өткізетін халықаралық аренаға айналып отыр. Бас қаламыздың мұндай деңгейге көтерілуіне тек жаңадан салынған зәулім ғимараттар ғана қызмет етіп қоймай, өз ісіне адалдықпен қарайтын білікті мамандардың да қосып отырған үлесі зор деп білеміз.

Күні кеше аталып өтілген Тәуел­сіздік мерекесіне орай Қазақ­стан Республикасы Президенті Жарлығымен мемлекеттік награда алғандардың қатарында астаналық спортшылардың болғанын қуа­нышпен жеткізгіміз келеді. Атап айтқанда, бүгінде Астана қаласы бойынша көркем гимнастикадан аға жаттықтырушы, №1 БЖСМ-де оқытушы-жаттықтырушы болып еңбек етіп жүрген Ләйлім Омарова мереке қарсаңында «Құрмет» орденін алды. Ұзақ жылғы еңбек жолында көптеген республика чемпиондарын, халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған Ләйлім Хакімқызы – КСРО спорт шебері, жоғары дәрежелі жаттықтырушы, ұлттық жоғары дәрежедегі төреші деген құрметті атақтардың иегері.

Көптеген жылдар Астана намы­сын абыроймен қорғап жүрген атлетіміз Серік Абдахин де «Құр­мет» орденімен марапатталды. Гир көтеруден еліміздің 13 дүркін чемпионы болған, ардагерлер ара­сында әлем чемпионы атанған жерлесіміз ұзақ жылдар қаламыздағы студенттер спортын дамытуға ерек­ше үлес қосқан маман ретінде белгілі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері бүгінгі таңда Астана қаласындағы «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінде оқытушы әрі жаттықтырушы болып жемісті еңбек етіп келеді.

Мемлекет басшысы атынан сый­лық алғандардың қатарында Ас­тана қаласы бойынша қазақ күре­сінен аға жаттықтырушы әрі «Астана батыры» жекпе-жек клубының қыз­меткері Ерлан Естек те болды. Әр жылдарда әлем чемпионы, әлем кубогының жеңімпазы, «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы болған саңлақ балуанымызға «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» табыс етілді.

Мерейі өскен елордалық бап­кер­лерді Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Айталап Кургамбаев ұжым алдында тағы бір құттықтап, еңбектерінің жемісті бола беруіне тілектестік білдірді.

astana-akshamy.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или