Қазақстанда алғаш рет ATP 250 турнирі өтеді

Қазақстанда алғаш рет ATP 250 турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірі ATP 250 жарысы өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан Теннис Федерациясы хабарлады.

Жүлде қоры $275,000 болатын ATP 250 «Astana Open» турнирі 2020 жылдың 25 қазаны мен 1 қараша аралығында өтеді. Оған әлемдік рейтингте үздік жүздікке енетін 60-тан астам теннисші қатысады. Олардың арасында Бенуа Пер (26), Адриан Маннарино (39), Джон Миллман (43) және т.б. бар.

Өз жерімізде өтетін әлемдік сында Қазақстан ұлттық құрамасынның мүшелері - Александр Бублик (49), Михаил Кукушкин (88) және Дмитрий Попко (171) және т.б. өнер көрсетеді.

«Теннис федерациясының жұмысы АТР-дің жоғары бағасына ие болды, оған Қазақстан астанасын турнир өтетін орын ретінде таңдау дәлел. Біз үшін бұл - үлкен сынақ, бірақ біз турнирдің жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Бұған барлық жағдай жасалған», - Қазақстан Теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

АТР 250 әлемдік туры аясында жылына 40 кәсіби жарыс өтеді. Алайда, биыл пандемияға байланысты барлығы 17 турнир өтті. Нұр-Сұлтандағы турнир осы маусымды аяқтайды. Демек теннисшілер үшін бұл осы жылы АТР рейтингісінде 250 ұпай алатын соңғы мүмкіндік деген сөз.

Турнирді өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары шараларын ескере отырып, ойындар көрермендердің қатысуысыз және қатаң хаттама аясында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Теннис Федерациясы жыл сайын 50-ге жуық халықаралық турнир өткізеді, олардың қатарында Президент Кубогы мен Дэвис Кубогы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или