Керекуде бильярдтан жарыс өтті

Кереку қаласында орыс бильярдынан халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Тәуелсіздік күніне орайластырылған төрткүндік додада Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның 60-тан астам спортшысы бақ сынасты. Қатысушылар арасында Александр Паламарь, Евгений Курта, Сағымбек Қаныбеков сынды әлемге танымал тастаяқ шеберлері бар. Тартысқа толы бәсеке нәтижесінде ақтық сынға тараздық Максим Пан мен турнирдің бұрынғы жеңімпазы әрі әлем чемпионы – қаскелеңдік Ернар Шымбаев шықты. Бес сағатқа созылған күрделі ойын жанкүйерлерді бейжай қалдырған жоқ. Ресейлік Анатолий Казанцев трюктер көрсетіп, жиналғандарды таңдай қақтырды. Кездесуде Ернардың екі дүркін жеңімпаз атанарлық мүмкіндігі болған еді. Алайда үшінші партиядан кейін тараздық шебер өз мықтылығын көрсетті. Турнир биыл 5-мәрте ұйымдастырылып отыр.

Максим Пан, турнир жеңімпазы:

- Қарсыласым әлем чемпионы, сондықтан шеберлігі біршама сезіліп тұрды. Дегенмен жеңісті бар күш-жігеріммен алып шықтым. Маңызды жарыста топ жарғаныма қуаныштымын.

Аңсар Қабиев, Қазақстан бильярд спорты федерациясы Павлодар облыстық филиалының директоры:

- Турнирдің ауқымы кеңейіп, дәрежелі қатысушылардың қатары көбейе түсті. Бастапқыда бірді-екілі чемпиондар жылт етсе, бүгін, міне, бес бірдей әлем чемпионын қабылдап отырмыз.

24.kz  сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или