Чемпиондар шеберлік сабағын өткізді

Чемпиондар шеберлік сабағын өткізді

Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта Қазақстанның танымал спортшылары мектеп тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Шеберлік сабақтарын өткізуге таеквондодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Арман Шылманов пен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Владимир Седов және кадеттер арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бауыржан Жауынтаев келді.

Кездесу барысында мектеп-интернатта үздік оқыған спортшылар марапатталды. Конфедерация атынан оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, танымал спортшылар жас өрендердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Ал жиын соңында жас спортшыларға арналған жаттығу өтті.

Арман Шылманов, таеквондодан Олимпиада ойындарының жүлдегері:

- Мен мұндай шараларға қуана-қуана қатысамын. Балалардың көзі жанып тұр. Меніңше, бұл кездесу оларға да ұнаған сияқты. Шеберлік сағаттары жас спортшыларға көмектесері сөзсіз.

Шеберлік сыныбын спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы ұйымдастырған болатын. Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналды.

Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или