Дәукенов WBA Asia белбеуін жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (8-1, 3 КО) <span>Минскіде (Беларусь) өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>
27 жастағы жерлесіміз Беларусь елінде 19 жастағы украиналық боксшы Назри Рагимовпен (6-2, 3 КО) жұдырықтасты.
Бірінші жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек толық 10 раундқа жалғасып, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дәлет Дәукенов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді әрі WBA Asia белбеуін иеленді. Ал қарсыласы екінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр.
Айта кетейік, Дәулет рингке соңғы рет 23 ақпанда шыққан. Броварахта (Украина) ол жергілікті боксшы Сергей Сорокты жеңіп, мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или