Мұхаммед Әлидің денсаулығы сыр берді

Мұхаммед Әлидің денсаулығы сыр берді

Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің денсаулығы сыр берді. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, 72 жастағы боксшының өкпесі қабынғаны анықталды.

Дәрігерлер жасаған мәлімдеме бойынша, бокс жұлдызының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Енді ғана асқынып келе жатқан дерттің алдын алуға болады екен. Жақын күндері ауруханадан шығатынын да хабарлап отыр.

Осыған дейін де аты аңызға айналған былғары қолғап шеберінің денсаулығы күрт нашарлағаны туралы айтылған-ды. Кейіннен боксшының өзі «twitter» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында денсаулығының қалыпты жағдайда екендігін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Мұхаммед Әли паркинсон ауруына шалдыққан. Аурумен күресу үшін оның 10-15 күн ашыққан кездері болған деседі. Ал дауасы жоқ дерттің меңдеп алғанына 30 жылдан да асқан. 72 жастағы даңқты боксшы қазіргі таңда арнайы дәрі-дәрмектер көмегімен емделіп келеді.

massaget.kz сайтының мәліметтері бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или