Виктор Коточигов: Хьюзге қарсы жекпе-жек - мен үшін нағыз сынақ
Болашағы зор қазақстандық кәсіпқой боксшы MTK Global-ға берген сұхбатында британдық Макси Хьюзге қарсы жекпе-жекке дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алдағы жекпе-жек - мен үшін нағыз сынақ. Хьюз - мықты қарсылас. Сонымен қатар, соңғы жекпе-жекте ол Джон Кэрроллды жеңді. Сондықтан мен Максимен жекпе-жекке өте мұқият дайындаламын.
Оның жекпе-жектерін тамашаладым. Техникасын жақсы дамытқан. Біз тартысты жекпе-жек өткізетінімізге сенімдімін. Титулдық жекпе-жектер мен үшін үлкен мотивация. Мені осы спортқа баулитын нәрсе. Бұл менің мақсатым және мен оны жалғастыра беремін.
Дубайда өтетін бокс кешін асыға күтемін. Хьюзді жеңіп, одан кейін басқа да танымал қарсыластармен жұдырықтасқым келеді», - деді қазақстандық боксшы.
Естеріңізге сала кетейік, осы жұмада Дубайда бокс кеші өтеді, оның басты жекпе-жегінде Виктор Коточигов (12-0, 5КО) пен Макси Хьюз (12-5-2, 4КО) кездеседі. Қос боксы <span>WBC International белбеуі үшін күш сынасады. </span>