Күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін
Күрестің Біріккен Дүниежүзілік Атқарушы комитеті (UWW) кезекті отырысын өткізді, оның басты мәселесі - Белградта өтетін күрестің үш түрі бойынша лицензиялық әлем чемпионатының форматы. Алайда, түпкілікті шешім қабылданбады, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұған дейін Токиодағы Олимпиада ойындары алдындағы күрес түрлерінің негізгі іріктеу турнирі 12-20 желтоқсан аралығында Белградта өтуі керек болатын. UWW мүшелері Әлем кубогының соңғы форматын 5 қазанда өтетін кездесуде жариялауды жоспарлаған еді, бірақ бейсенбіге дейін үзіліс жасауды ұйғарды. Оған себеп - әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы.
Сонымен қатар, UWW Токио Олимпиадасының алдында рейтингтегі турнирлердің тізімін жариялады. Тізімге:
- Әлем чемпионаты (2019);
- құрлық чемпионаттары (2019);
- «Маттео Пелликоне» турнирі (2020);
- Азия чемпионаты (2021, үш ел бойынша рейтинг, Алматыда өтеді);
- Океания чемпионаты;
- Циолковский, Пытлясинский турнирлері және Польша ашық чемпионаты (2021);
Wrongdag.ru порталының хабарлауынша, 50 мемлекет өз құрамаларын Белградқа апаруға дайын екендіктерін растады. Ережеге сәйкес, Белградтағы әлем чемпионатына бұған дейін Нұр-Сұлтандағы соңғы лицензиялық әлем чемпионатына қатысқан палуандардың кем дегенде 70% -ы, сондай-ақ кем дегенде сегіз құрама қатысуы керек.