Қазақстанда Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
Қазақстандық бокс жанкүйерлері Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
10 қазанда таңертеңгісін Лас-Вегастағы бокс кешінің тікелей трансляциясын «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Басталуы - астана уақытымен 8:00-де.
Әлімханұлы бұл кеште аргентиналық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) жұдырықтасады. Қазір қазақстандық боксшыда орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдары бар.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 9 қарашада Фреснода (Калифорния, АҚШ) өткізген. Сол кездесуде ол канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтынды раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или