«Жартылай жеңіс». Әлімханұлы жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр

«Жартылай жеңіс». Әлімханұлы жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Твиттер-парақшасында жаттығуының видеосын жариялады, онда Әлімханұлы қорғаныс бойынша жұмыс істеп жатыр.

«Жақсы қорғаныс - жартылай жеңіс. Бауырыммен бірге тынымсыз жұмыс», – деп жазды Жәнібек.

Жәнібек Әлімханұлы рингке 9 қазанда оралады. Бұл күні ол Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или