Боб Арум: Жәнібек – болашақ әлем чемпионы
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы болатынын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
– Жәнібек – болашақ әлем чемпионы. Ол ESPN платформасындағы жекпе-жектен көп нәрсені үйренеді деп ойлаймын, - деп келтіреді Боб Арумның сөзін Top Rank ресми сайты.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының<span> </span>қарсыласы «сиқыршы» лақап атымен танымал 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориа (16-3, 6 КО) болады. Өз елінде орта салмақтағы үздік боксшы. Кориа кәсіпқой рингтегі 19 жекпе-жектің үшеуінде жеңілген. Үш жеңілісті де төрешілер шешімімен ұтылған.
Осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегінде Гонсало Кориа 2019 жылдың 28 маусымында мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңіп, WBC FECARBOX орта салмақтағы титулын жеңіп алды.
Еске салайық, Әлімханұлы мен Кориа арасындағы жекпе-жек 9 қазанда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтеді.