Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой рингке шығады

Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой рингке шығады

Қазақстандық әуесқой боксшы Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Suleimen Promotion» компаниясы Атырауда бокс кешін ұйымдастырады. Әзірге кештің қашан өтетіні белгісіз.

Бокстан ұлттық құраманың мүшесі Абылайхан Жүсіпов андеркартта жұдырықтасады. Одан бөлек кеште Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов пен Данила Семенов шығады деп күтілуде. 

Айта кетейік, азақстан құрамасының жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында әуесқой былғары қолғап шеберлерінің кәсіпқой рингке жекпе-жек өткізетіні туралы айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или