Атырауда бокс кеші өтеді
Suleimen промоутерлік компаниясы Атырауда бокс кешін ұйымдастыратынын хабарлады.
«Suleimen Promotion» компаниясы Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр. Компания өкілдері облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесіп, кештің жүру барысымен таныстырып өтті.
– Кеште барлық санитарлық талаптар сақталынып, көрермендерсіз өткізіледі. Еліміздің жетекші арналарынан көрсетіледі. Басты жекпе-жекте әлемдік рейтингте үздік 15-тікке енген екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы өзінің чемпиондық белдіктерін қорғайтын болады, - дейді компанияның атқарушы директоры Танат Нуршин.
Алдағы уақытта бокс кешінің барлық талаптарға сай өтуі талқыланып, нақты уақыты қосымша хабарланады.
Айта кету керек, «Suleimen Promotion» Атырау облысында Ибрагим Шияпұлының бастамасымен негізі қаланған, қазіргі таңда еліміздегі ең ірі бокс промоутерлік команиясы болып табылады. Компания осыған дейін Беларусия, Ресей, Аустралия секілді мемлекеттерде және Алматы қаласында үлкен бокс кештерін жоғары деңгейде ұйымдастырды.