Алматыда заманауи бессайыстан Қазақстан кубогы өтеді

Алматыда 20-24 желтоқсан арасында Қазақстан ашық кубогымен заманауи бессайыстан жаңа маусым басталады. Бұл сайыс 2015 жылы өтетін Азия чемпионатының іріктеу турнирі болып табылады, нәтижесінде 2016 жылғы Рио-Де-Жанейрода болатын жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясы берілмек.

«Қазақстан ашық кубогының нәтижесі бойынша келесі жылдың ақпан, наурыз айларында өтетін лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын негізгі командамызға спортшылар іріктеледі», - деді мемлекеттік бапкер Оксана Дмитриенко.

Қазақстан кубогына Алматы, Алматы облысы, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облысының спортшылары қатысады. Қаржылық қиындықтарына байланысты Астана командасы өнер көрсетпейді.

Турнир аяқталған соң, спортшылар мен бапкер демалысқа кетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или