Ғалымбек Кенжебаев боксшылардың кәсіпқой рингке ауысуы жайлы
Оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында әуесқой былғары қолғап шеберлерінің кәсіпқой рингке ауысуы жайлы айтты.
– Кейінгі уақытта боксшыларымыз әр түрлі себеппен кәсіпқой рингке ауысты. Жақында кәсіпқой бокста тағы кімді көріп қалуымыз ғажап?
– Келіссөз жүріпжатыр. Қазір шетелге шығып, жарыстарға қатысып жатқан жоқпыз. Кейбіреуіне бабына келу үшін кәсіпқойда жекпе-жек өткізуге рұқсат еттік. Дегенмен бәрі біздің бақылауымызда. Жыл соңында Олимпиада ойындарына жаттығуды бастаймыз. Сол үшін де дәл қазір жігіттердің кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізгені маңызды.
– Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойды жеңіспен бастады. Иса Ақбербаевқа қарсы жекпе-жектің пайдасы тиді ме?
– Әрине, пайдасы болды. Не дегенмен ол жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып, кәсіпқойлармен бірге жаттықты. Ол жекпе-жекте физикалық тұрғыда шаршаған жоқ, өйткені екінші раундта-ақ аяқталды. Алайда психологиялық жағынан жекпе-жекке дайындық, жаттығу өз әсерін берді.