Әлімханұлы WBA ТОР 15 рейтингіне енді
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі өкілдердің рейтингі нұсқасын жариялады. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта дивизионның ТОР 15 тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтинг көшбасшысы - WBA-ның ұлыбританиялық чемпионы Крис Юбэнк. Екінші орында - ресейлік Магомед Мадиев. Үздік үштікті америкалық күрескер Карлос Монро түйіндеп тұр.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында Калифорния штатының Фресно қаласында өткізген. Ол канадалық Альберт Онолуносені нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или